Гуггенхайм мұражайы (Бильбао)

Гуггенхайм мұражайы Испанияның Бильбао қаласында орналасқан қазiргi көркемөнер мұражайы. Соломон Гуггенхаймның қазіргі көркемөнер мұражайы филиалының бірі болып табылады. Нервьон өзенінің жағасында орналасқан.
Мұражайда тұрақты экспозициялар орналасқан, сонымен бiрге испандық және шетел сүретшілердің уақытша көрмелері өткiзiледi.Мұражайдың ғимараты американ-канадтық сәулетші Фрэнк Геримен жобаланды және 1997 жылы көпшілік үшін ашылған. Сәулетші Филип Джонсон оны «біздің уақытымыздың ең зор ғимараты» деп атады[1].
Өзеннің бойында орналасқан ғимарат ғаламшараралық саяхаттарды жасауға арналған футуристикалық кеменiң абстрактты идеясын iске асырады[2][3]. Сонымен қатар оны құспен, ұшақпен, суперменмен, бөрікгүлмен және жалбыраған раушан гүлімен салыстырады.[4].
Биіктігі 55 метрлік орталық атриумы әр түрлi экспозициялар үшiн көрме залдарының анфиладасы иiлген гүл жапырақшалары тарқайтын алып металлды гүлге ұқсайды.
Ғимарат жалпы ауданы 24 мың м² титанды парақтармен қапталған.

Комментарии

Популярные сообщения из этого блога