Корея ұлттық мұражайы
Ұлттық орталық мұражай — Корея Республикасының аумағындағы ең ірі тарихи және көркем мұражайы және мәдени орталық. Елдің елордасы Сеул қаласында орналасқан. Мәдениет, спорт және туризм министрлігінің бағынышында. Әлемдегі келушілер саны жағынан ең ірі көркем мұражайлардың алғашқы ондығына кіреді.[1]
Мұражай 1945 жылы негізделді,[2] 2005 жылы мұражай үшін сопақша көне кәріс бекінісі түрінде арнайы салынған жаңа ғимаратқа көшті. Мұражай ғимараты отқа төзімділіктің жоғары шегі бар материалдардан салынған және Рихтер шкаласы бойынша 6,0 магнитудалы жер сілкінісін шыдай алады, сонымен қатар табиғи жарық және ауа кондициалау жүйелері қарастырылған. Мұражай кешенінің аумағына лекторийлар, балаларға арналған арнайы мұражай, көрмелерге арналған павильондар, сонымен қатар мейрамханалар мен кафелер орналасқан.
Мұражай ауданы 137201 м²-ді құрайды, бұл Азиядағы ең ірі мұражайларының бірі және әлемдегі ең ірі мұражайлар арасындағы алтыншы көрсеткіш; биіктігі 43,08 м-ді құрайды. Мұражайдағы тарихи, көркем және археологиялық жинақтамаларының жалпы саны 220000-нан асады, бірақ келушілер тек қана 13000-ға жуық экспонатты көре алады. Мұражай экспозициялары арасында тұрақты әрекеттегі және уақытша көрмелер бар, сонымен қатар мұражай жанындағы түрлі бағыттардағы ғылыми және білім беру бағдарламалары қызмет атқарады.
2013 жылы мұражайдың келушілер саны 3,1 миллион адамнан асты.
Комментарии
Отправить комментарий